Қазақстандық түзеу мекемелерінде 2 миллионға жуық жеке қорғаныш құралдары жасалып шығарылған

Қазақстандық түзеу мекемелерінде 2 миллионға жуық жеке қорғаныш  құралдары жасалып шығарылған

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап Ішкі істер министрінің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жеке қорғаныш құралдарын тігу бойынша өндірістердің қызметтері белсенді түрде ұйымдастырылды. Ол үшін ҚАЖ мекемелерінің аумағындағы өндіріс цехтары қорғаныш бетперделерін, экрандар, костюмдер және «дезинфекциялық тоннелдер» жасауға бағытталды.
Еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың күшімен 1 млн 800 мың бетперде, 19 мыңға жуық көп реттік және 40 мыңнан аса бір реттік қолданысқа арналған қорғаныс костюмдері, 3 500-дей қорғаныс экрандары дайындалған. «Еңбектің» өндіріс орындарымен жасалған 70 «дезинфекциялық тоннел» жергілікті медициналық ұйымдар мен атқарушы органдардың ғимараттарына қойылды.
Өнімдердің жаңа түрі қысқа мерзімде қылмыстық-атқару жүйесінің 40 мекемесінде «Еңбек» республикалық мемлекеттік мекемесі мен оның өңірлердегі 16 филиалымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерліктермен жүзеге асырырылды. Осының нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, мыңдаған сотталғандар жұмыспен қамтылды.
Эпидемиологиялық жағдай кезінде сотталғандардың коронавирус індетімен күресуде өз үлесін қосуға мүмкіндік пайда болды. Жазасын өтеушілердің қолымен жасалған өнімдер бірінші кезекте вирустың алғашқы күндерінен-ақ блок-посттарда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне жолданды. Біртіндеп осы қарқынмен ішкі істер органдарының жеке құрамы және өзге де ұйымдары көпреттік бетперделермен және костюмдермен қамтылды. Өндірістің арқасында сотталғандар жалақы және сыйақылар алды, сондай-ақ өздері тіккен бетперделерді отбасына жіберді.
Қазіргі кезде ішкі істер органдарының қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда. Тапсырыстар түсуіне қарай іске асырылып жатыр.
Қабылданған карантиндік шараларға байланысты қылмыстьық-атқару жүйесінің жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режиміне көшті. Сотталғандардың туыстарымен кездесулер тоқтатылып, өзге де мәдени-қоғамдық іс-шалалар тоқтатылды. Оның орнына видеобайланыстар менм телефон арқылы сөйлесулер беріліп жатыр.
Қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы қызмет атқарудің ерекше режиміне көшті. ҚАЖ мекемелеріндегі барлық дезинфекциялық шаралар Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен іске асырылып жатыр.