Азаматтарды қабылдау онлайн түрде өтеді

Азаматтарды қабылдау онлайн түрде өтеді

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өткізіліп жатқан карантиндік іс-шараларға байланысты азаматтарды қабылдау ағымдағы жылғы  18 маусымнан бастап онлайн-форматта, сайта орналастырылған бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.

Онлайн-қабылдауға алдын ала жазылу 8-(7172)-72 31-16 телефоны бойынша жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылғаннан кейін Сізге lp_kuis@mail.kz электрондық поштаға жеке деректерді:

1) тегі, аты және әкесінің аты ;

2) азаматтығы;

3) нақты тұратын мекенжайы (елі, облысы, елдімекені);

4) мәселенің қысқаша мәні-жайы;

5) кімге қатысты деректер;

6) байланыс телефонының нөмірі;

7) бейне байланыс сеансына қосылуға шақыра отырып, сілтеме жіберілетін электрондық поштаны көрсетумен хабарлама жолдау қажет.

Онлайн-қабылдау «Zoom» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Ол үшін сізге осы қосымшаны «РlayMarket» немесе «AppStore» (смартфондар үшін) арқылы жүктеу қажет.

Бейне қоңырауды жүзеге асыру үшін Сіз көрсеткен электрондық поштаға бейне байланыс сеансына қосылуға шақырумен және қабылдау (қосылу) күні мен уақытын көрсетумен сілтеме түрінде хабарлама түседі.

Шақыру сілтемесін алған азаматтар сілтемеде көрсетілген уақытқа қосылуы қажет.

Қосылғаннан кейін модератор күту режиміне ауыстырады.

Бұдан әрі Сіз үшін белгіленген уақытқа сәйкес қосылу жүзеге асырылады.

Мәселені талқылау үшін сізге минут уақыт беріледі, онда сіз мәселенің мәнін қысқаша және нақты баяндауыңыз қажет.

Егер Сіздің өтінішіңізді қабылдау кезінде шешу мүмкін болмаса, сіз оны жазбаша түрде баяндауға және ҚАЖ комитетіне (пошта байланысы арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы) жіберуге құқылысыз және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізілетін болады («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 13-бабының 3-тармағы).