Қылмыстық-атқару жүйесінде кадрлық тағайындаулар орын алды

Қылмыстық-атқару жүйесінде кадрлық тағайындаулар орын алды

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып, осыған дейін Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары болған Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиев тағайындалды.
Ш.Т.Есенкелдиев 1977 жылы туылған, Түркістан облысының тумасы. 1998 жылдан ішкі істер органдарында, ал 2003 жылдан бері пенитенциарлық жүйеде қызмет атқарады. Әр жылдары Шымкент қаласындағы қылмыстық-ақару жүйесі мекемелерінде және Департаментте басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Сондай-ақ, осындай бұйырықпен Қарағанды және Жамбыл облыстары бойынша ҚАЖ департаменттері бастықтарының орынбасарлары тағайындалды.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымына әділет полковнигі Шакиров Бекболат Еркебайұлы тағайындалды. Б.Шакиров 2000 және 2010 жылдар аралығында Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясында ғылыми-оқытушылық қызметтермен айналысқан. 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы және Қарағанды облыстарындағы қылмыстық-атқару жүйелерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы жұмыс орны – ҚАЖ комитетінің басқарма басшысы.
Жамбыл облысында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары болып Еркін Үсенұлы Нұрбаев тағайындады. Е.Нұрбаев ҚАЖ саласындағы еңбек жолын ЖД-158/4 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімде жасақ бастығы болып бастаған. Қазіргі тағайындалған лауазымына дейін осы облыстағы ЖД-158/2 мекемесінің бастығы қызметін ақарды.
Жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғалар қылмыстық-атқару жүйесінің барлық қызметтік деңгейінен өткен және осы салада үлкен тәжірибеге ие.