
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесінің теологиялық тобының инспекторы тергеу-қамауындағылармен және шаруашылық жасағындағы сотталғандарға қаладағы мешіттердің біріндегі имаммен бейнекездесу ұйымдастырды.
Әңгімелесу барысында дін қызметкері ораза ұстаушы сотталғандарға оның тәртібін түсіндіріп, кеңестерімен бөлісті. Әсересе, имам тергеу қамауында отырғандарға өзінің ішкі тәртіптеме қағидаты бар жабық мекеме жағдайында оразаны дұрыс ұстау жайлы түсіндірді.
Бұған дейін осындай іс-шаралар дін өкілдерін мекемеге шақыра отырып өткізілетін, алайда қазір барлық кездесулер онлайн режимге өтті.
Мекеме әкімшілігі сотталғандардың дін бостандығына деген құқықтарын сақтайды және мекемеде отырғандарға діни жораларды қылмыстық-атқару заңнамасының шеңберінде ұстануға мүмкіндік береді. Бұндай тәжірибе сотталғандар мен тергеу-қамауындағылардың мұсылман дінінің мамандарынан сауатты кеңес алуға ықпал етеді.