Сотталғандар тіккен 1000 маска Қарағанды облысының медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлеріне берілді

Сотталғандар тіккен 1000 маска Қарағанды облысының медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлеріне берілді

Бүгінгі күні Қарағанды облысының 5 ҚАЖ мекемесінің «Еңбек-Қарағанды» өнеркәсіптік учаскелерінде жұмыс істеп жатқан 120-дан астам сотталған 160 мың  қорғаныс маскаларын тікті. Облыстық ҚАЖ департаменті «Еңбек» РМК «Еңбек-Қарағанды» филиалымен бірлесіп «Қайырымдылық шарасын» өткізді – сотталғандар әзірлеген 1000 маска Қарағанды облысының «№1 қарттар мен мүгедектерді медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ, «Балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ, «Ересектерге арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-не берілді. Сонымен қатар, Балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-де ұсталып отырған балаларға балмұздақ кораптары берілді. ​ Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» РМК басшылығы төтенше жағдай режимі кезеңінде қорғаныс маскаларын тігуге қатысқан барлық сотталғандарға ақшалай сыйақылар бөлінді. Әрбір сотталғанның шотына көтермелеу шарасы ретінде ақшалай сыйақы аударылды. Сотталғандарды көтермелеудің мұндай түрлері оларды жұмыс істеуге ынталандырады, сонымен бірге өзінің туғандарына көмектесу және өздерінің қарыздарын жабу мүмкіндігін туғызады. Тігу жұмысынан басқа, облыстың түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар металл өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі өндірісі, жиһаз шығару, көкөніс пен жеміс-жидек өсіру және т.б. айналысады. Қазіргі уақытта облыстағы сотталғандарды жұмысқа орналастыру 42%. Аталған жұмыс негізгі бағытымыз болып отыр және өңірлік ҚАЖД-де кәсіпкерлерді тарта отырып жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері қаралуда.