Сотталған колония қызметкерлеріне қаскөйлікпен бағынбау әрекетін көрсетті

Сотталған колония қызметкерлеріне қаскөйлікпен бағынбау әрекетін көрсетті

Алматы облысы бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтейтін сотталған қызмектерлерге кешкі тексеру кезінде бағынбаушылық танытты.

Ол колония аумағына тыйым салынған зат лақтыру кезінде ұсталды. Мекеменің сырт жағындағы қазандыққа жұмысқа орналастырылған ол қызметкерлер ұстап алған кезінде озбырлық танытып, өзін агрессивті кейіпте ұстады.  

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік изоляторға жабылды. Бұл факті бойынша Қапшағай қ. полиция бөлінісімен сотталғанға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотталғанға жаза мерзіміне қосымша мерзім қосылуымен қатар, жабық мекемеге ауыстыру қауіпі төнуі мүмкін.