
Төтенше жағдай кезінде ҚАЖ салысындағы маңызды бағыттардың бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды діттеген жеріне шығарып салу болып табылады.
Карантин режимі енгізілген уақыттан бері мекемелерден 60-қа жуық адам босап, оның 38-іне тыйым салынған бекеттерді өту арқылы тұрғылықты жеріне жеткізілуіне көмек көрсетілді. Қалған азаматтар уақытша тұру үшін туыстарына, Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру орталықтарына және қоғамдық қорларға орналастырылды.
Сотталғандар мен туыстары ҚАЖ қызметкерлерінің ұйымдасқан іс-әрекеттеріне алғысын білдірді. Олардың ішінде шалғай ауылдар мен қалаларда тұратындарды ҚАЖ офицерлері қызметтік авокөліктермен жеткізіп салып отырады.
Бұл жұмыс қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан адамдарды тұрғылықты (уақытша) мекенжайларына шығарып салудың алогоритмі шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
Аталған жұмысқа жауапты қызметкерлер мен автокөліктер белгіленіп, колония қызметкерлері блок бекеттерге дейін жеткізеді, одан әрі пробация қызметкерлеріне беріледі.
Осылайша, алдын ала әрбір босатылатын адаммен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, елімізде енгізілген шектеу шаралары туралы түсініктеме беріледі. Колониядан шығардан бұрын сотталғанға бағыткөрсеткіш қағазбен бірге, пробация және ішкі істер орогандары қызметкерлерінің байланыс номерлері, пробация қызметіне есепке тұруы туралы, босатылатын адам туралы басқа да қажетті ақпараттар беріледі.
Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелері сотталған азаматтың денсаулығы туралы медицина анықтамасын, жол жүру кезінде қажетті гигиеналық қорғаныс құралдарымен қатар, тамақтануын да қамтамасыз ететінін хабарлаймыз.