16 жылға бас бостандығынан айырылған фельдшер дәрігерлерге қолдау білдірді

16 жылға бас бостандығынан айырылған фельдшер дәрігерлерге қолдау  білдірді

Карағанды қаласының медициналық колледжін фельдшер мамандығы бойынша аяқтаған Карағанды облысы Шахтинск қаласының тумасы Максим ОВ-156/14 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.  

Ол мекеменің медицина бөлімінде санитар болып жұмыс істейді. Сотталғандардың денсаулығына қарайтын мекеменің маман-дәрігерлері де қазір коронавирус жұқпалы ауруының алдын алу мақсатында қызметтің күшейтілген түріне ауыстырылған. Бұнда ұсталатын сотталғандар теледидар және радио желілері арқылы жаңалықтар тыңдап, індетке қарсы қойылған талаптарды сақтауда. Аталған

«Елімізде індеттің таралуының алдын алуға атсалысып жатқан ақ халатты жандарға өз атымнан, ата-анамның атынан, жарым мен баламның атынан үлкен рахмет айтып, басымды иемін. Тағдырдың салуымен, өзімнің өмірлік қателігімнен жанұямның жанында бола алмай, оларға кішкене болсын көмегімді бере алмайтыныма қынжыламын. Медицина қызметкерлерінің ауруға араша боламыз деп өздері індетке шалдыққандықтарын естіп, абай болуларын және осы еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді,- дейді фельдшер.

Мекеменің медицина бөлімі барлығы екі қабатты 26 бөлмеден тұрады. Максим гипохлорид кальциямен судың қоспасымен тәулігіне екі реттен жинау жұмысы және кварцтеу жұмыстарын жүргізеді.