
ҚАЖ мекемелерін төтенше жағдай кезіндегі қоғамдық тексеру жұмыстары ондағы санитарлық шаралардың сақталуын тексеру болып табылады. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ерсаин Нұртазинов облыстық прокуратураның 2-ші басқармасының басшысы Серік Ануарбековпен және өңірлік Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Қуат Рахымбердинмен бірге қауіпсіздігі барынша жоғары ОВ 156/2 мекемесіне барды.
Тексеру барысында келушілер мекеменің медицина бөлігін, асханасын аралап, тамақтың сапасын тексерді, сондай-ақ өндірістің цехты аралады. Соңында сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
– Мекеме жеке гигиена және дезинфекция құралдарымен толық қамтылған. Жете тексеру қызметкерлері обаға қарсы қорғаныс костюмдерін алған. Тексеру жіті бақыланады, дейді өңірлік ҚАЖД бастығы Е.Нұртазинов.