Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен ең көп маска тіккен сотталғандар көтермеленіп (марапаттау) жатыр. Павлодардағы орташа қауіпсіз АП-162/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Артем тігін цехында қорғаныс маскаларын тігіп бастаған алғашқылардың бірі. Қазіргі кезде ол 7 мыңнан аса маска тіккен.
37 жасар Артемды бостандықта зейнеткер ата-анасы күтуде. Оның айтуы бойынша, маска тігуді бірден үйреніп кеткен. Жасаған жұмыстарына айлық төленеді. Ол жұмыс беріп, ата-анасына аз да болса көмек көрсетіп, қылмыспен келтірген шығындарын шамасы келгенше өтеп жатқаны үшін мекеме әкімшілігіне алғысын білдіреді. Ал бүгін мекеме бастығы өз қолымен марапат тапсырды. Артем бостандыққа бір қадам жақындағанын айтып, қуанышын жеткізді.