Батыс Қазақстандағы колонияда сотталғандармен онлайн қабылдау жүргізілуде

Батыс Қазақстандағы колонияда сотталғандармен онлайн қабылдау жүргізілуде

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының бастамасымен қауіпсіздігі барынша жоғары РУ-170/3 мекемесінде онлайн-қабылдау енгізілді.
Өңірде коронавирус індетіне қарсы күшейтілген шараларға байланысты облыстық прокуратура, ҚАЖ департаменті және мекеменің кейбір қызметкерлері аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды қабылдауды онлайн режимде жүргізетін болады.
Алғашқы ведеоәңгімелесу сәтті өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті. Аталған қабылдауға 20 сотталған жазылып, өз тараптарынан қойылған барлық сұрақтарға қажетті заңды жауаптарды алды. Қабылдаудың бұл әдісі сотталғандардың білікті құқықтық кеңесті барынша жедел алуына, сондай-ақ өз кезегінде сотталған азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.