
Тараздағы №26 ҚАЖ мекемесінде сенбілік өтті. Жоспарға сай өткен тазалық шарасы барысында мекеме аумағы күл-қоқыстан тазаланды. Сондай-ақ қоршаулар сырланып, мекеменің қас беттері ақталды.
Жалпы, аталған мекемеде тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Ерте көктемде көшеттер отырғызылып, арнайы күтімге алынады. Бұдан бөлек, мекеме басшылығының тікелей бастамасымен жыл сайын айналаға сән де, әр де беретін раушан гүлдері отырғызылады.
Бұл – ҚАЖ қызметкерлерінің тазалық жұмысына бей-жай қарамайтындығының және туған өлкенің гүлденуіне атсалысуға әрқашан дайын екендігінің дәлелі.