Астана қаласының орталық саябағында ІІМ ҚАЖК орталық аппаратының қызметкерлері арасында қысқы спартакиада өтті

Астана қаласының орталық саябағында ІІМ ҚАЖК орталық аппаратының қызметкерлері арасында қысқы спартакиада өтті

Ағымдағы жылдың 4-ші наурызында ҚАЖК орталық аппаратының қызметкерлері арасында Астана қаласының орталық саябағында қысқы спартакиада өтті.
Жарыстың төрешілері әділет майоры, Кадр саясаты басқармасының «Кәсіптік даярлау» бөлімінің аға инспекторы Мұрат Тоқышев және әділет подполковнигі, «Кәсіптік даярлау» бөлімінің бас маманы Әділ Қайырбаев болды.
Спорттық іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерде серіктестік пен өзара көмек сезімін тәрбиелеу.
«Өздеріңіз білетіндей, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салты-салауатты ұлттың кепілі екенін айтты. Біздің қызметкерлер күндіз-түні қызметін адал атқарып қана қоймай, спортта да өздерінің тәжірибе мен шеберліктерін айқын көрсете алатындығына сенімдімін», - деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК Кадр саясаты басқармасының «Кәсіби даярлау» бөлімінің бас маманы, әділет подполковнигі Әділ Қайырбаев.
Жарысқа үш команда қатысты. Олар спорттың төрт түрінен жарысты. Ол -1000 метр орташа қашықтыққа және 300 метр жақын қашықтыққа шаңғы жарысы, арқан тарту және нысанаға оқ ату.
Арқан тарту күресі жағымды эмоцияларды молынан тудырды. Қарқынды ойын ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлығыда бар ынта жігерімен жарысқа беріліп, бар күштерін салуға тырысты.
Жалпы командалық есепте Режим, қадағалау және күзет басқармасының командасы жеңімпаз атанды, екінші орынды Тылдық қамтамасыз ету басқармасы иеленіп, ал ҚАЖ комитетінің Пробация қызметін бақылау басқармасының командасы үшінші орынға ие болды.
Спорттық жарыс қатысушылар үшін оңай болмаса да, өте серпінді және қызықты өтті. Жолдастық кездесуде қатысушылар керемет жігер мен жоғары командалық рухты көрсетті.