
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 60 мекемесінде мекеме сотталғандарының біріне есірткі беру әрекетінің жолы кесілді. Мекеме қызметкерлері Қызылорда тұрғынын ұстады, ол сотталған А. - ға берілген заттарды тексеру кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған екі орам марихуана табылды. Орамның ішінде ерекше иісі бар жасыл зат болды.
Оқиға орнына Қызылорда ПБ жедел-тергеу тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша алынған зат жалпы салмағы 32,07 гр марихуана екені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.