ЕРЛІК САБАҒЫ

ЕРЛІК САБАҒЫ

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі органдарында еңбек сіңірген ардагер Санжан Нармағамбетұлы Мұханғалиевке 85 жыл толды.  

Мұханғалиев Санжан 30 жылдан астам Орал қаласының тергеу изоляторында бақылаушы болып қызмет атқарды, қатардағы сержант отставкаға кетті. Жақсы отбасы, он бала тәрбиеледі. Мереке қарсаңында облыстық ҚАЖ департаментінің және РУ-170/1 мекемесінің басшылығы ардагерді мерейтойымен салтанатты түрде құттықтап, мықты денсаулық, амандық тіледі және жас қызметкерлерге «Ерлік сабағы» атты мастер-класс ұйымдастырды. Тергеу изоляторын аралау барысында ардагер мекемедегі жұмыс тәжірибесімен, тәлімгерлермен және өз өмірінен көптеген басқа да әңгімелер бөлісті. Сонымен қатар, Мұханғалиев Санжан 1961 жылы қамаудан қашқан үш сотталушыны іздестіруге қалай қатысқандығын, іздеу қиындықтары және сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарына аман-есен оралғандығы туралы айтып берді.

Жас қызметкерлер үшін «Ерлік сабағы» кәсібиліктің, ерліктің және патриоттық сезімнің шынайы үлгісі болып табылады. Қазіргі уақытта ардагер облыстың ҚАЖ департаментінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Мұханғалиев Санжан құттықтау үшін шын жүректен алғыс білдірді.