Маңғыстау колонияларының бірінде түзету терапиясы жүргізілуде

Маңғыстау колонияларының бірінде түзету терапиясы  жүргізілуде

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 77 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің психологы Тоғжан Жиембаева сотталғандармен түзету терапиясы бойынша дәрістер өткізді.
Маман үш тақырыпты атап өтті: «Психосоматикамен жұмыс», «Өзін-өзі бағалаудың төмендігі және онымен байланысты қарым-қатынас қиындықтары», «Отбасылық қақтығыстар», «Қоғамда орын таба алмау».
– Мұндай іс-шаралардың мақсаты сотталғандарды өздерінің мінез-құлқының ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйрете отырып, олардың эмоционалды жағдайын үйлестіруге қызығушылық тудыру болып табылады, - деп түсіндірді психолог маман.
Жүргізілген терапия нәтижесінде сотталғандардың психоэмоционалды жағдайы жақсарып, олар басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың әртүрлі әдістерін үйреніп, сонымен қатар шығармашылық қабілеттері артты. Іс-шара нәтижесінде жазасын өтеушілер релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу үшін кері байланыс орната алды.