
Қарағанды көркемөнер мұражайында Қарағанды қаласының құрылғанына 85 жыл толу құрметіне арналған облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Үміт-2019» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық байқау-конкурсының ашылу салтанаты өткізілді.
«Үміт-2019» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық байқау-конкурсының мақсаты жазасын өтеушілердің өмір жайлы ой-толғамдарын, қоршаған ортаға деген көзқарастарын білдіретін шығармаларымен, өнердің қылмыс жасаған адамның ішкі жан-дүниесіне тигізетін әсерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Өткізілгелі отырған бұл шаралар сотталғандар бойында қоршаған ортаға деген қайырымдылық қатынастарын қалыптастырып, эстетикалық талғамдарын дамытуға оң ықпал етеді.
Міне, дәл осы мақсатта Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 2000 жылдан бастап дәстүрге айналған «Үміт» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық байқау-конкурсын өткізуді жоспарлап отыр. Сотталғандардың өнердің әртүрлі бағыттарында және өз қолдарымен жасаған туындыларында оқшаулау жағдайындағы өмірді ғана емес, сонымен бірге қазіргі сәтте олардан алыс қалған табиғат сұлулығы, отбасылық өмірдің қызығы, жылылық пен арман-мүдделері көрініс табады.
Осындай көрмелер дәстүрге айналып, Қарағанды қаласында жыл сайын өткізіледі. Алдын ала облыстың барлық мекемелерінде өткізіліп, үздік шыққан суреттер мен қолөнер бұйымдары облыстық байқау-конкурсына ұсынылды. Барлығы 44 сурет пен 28 қолөнер бұйымы. Атап айтқанда, көрмеге «Көмірлі астанаға – 85 жыл», «Кеншілер», «Түнгі шахта», «Әке, біз сені күтіп отырмыз!», «Туған қалам - Қарағанды», «Менің әкем – кенші», «Кенжардағы демалыс», «Кеншілер даңқы» және т.б. Қолөнер бұйымдары бойынша гипс, көмір, пластик, картон, ағаш, пенопласт пайдаланылды.
Байқау-конкурстың ашылу салтанатына өнер қайраткерлері, үкіметтік емес және діни бірлестіктер өкілдері, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақыртылды. Сонымен бірге, Жастар жылының құрметіне және сотталғандардың жұмыстарымен және жалпы алғанда қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен танысу үшін Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының тыңдаушылары шақыртылды.
Конкурстың әділ қазылар алқасы құрамына енгізілген Қарағанды қаласының Суретшілер одағының өкілдері, облыстық көркемөнер мұражайының өкілдері үздік суреттер мен бұйымдарды анықтап, конкурс жеңімпаздары дипломдармен, грамоталармен және ақшалай сыйақымен марапатталады.
Жылда, дәстүрлі түрде суреттер мен бұйымдар қарттар үйіне, балалардың интернат-үйлеріне беріледі.