Тәрбиелеу колониясында түлектердің мектеп бітіру шарасы өтті

Тәрбиелеу колониясында түлектердің мектеп бітіру шарасы өтті

Алматы қ. бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесінде 2018-2019 оқу жылы аяқталуына байланысты мектеп бітірушілерге салтанатты түрде аттестат тапсырылу рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.   

Барлығы мектепті биылғы оқу жылын 42 оқушы бітірді, оның ішінде 27 сотталған қазақ бөлімінде, 15 – орыс бөлімінде.

11-шы сыныпты – 7 (қазақ сыныбын – 5, орыс сыныбын – 2), 9-шы сыныпты – 3 (қазақ сыныбын – 2, орыс сыныбын – 1) сотталған бітіріп аттестат алды.

Іс-шараға түлектердің ата-аналары шақырылды.

Сотталғандардың күшімен концерттік бағдарлама дайындалды. Іс-шараның соңында, мектеп түлектері өз армандарын шарға жазып аспанға ұшырды.