
Бұл іс-шараның мақсаты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан қайталама қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу болып табылады. Астана қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асыру үшін Астана қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінің инспекторлары мен Астана қаласы «Есіл» ауданының ПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қатарынан мобильдік топтар құрылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабына сәйкес сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуді тексеру жүзеге асырылды. Тексеру барысында сотталғандармен және олардың туыстарымен әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.