
Бүгін республикамыздағы барлық колокниялардағыдай, АК-159/7 мекемесіне қарасты №10 мектебінде де орта білім беру туралы аттестаттарды салтанатты түрде беру өткізілді.
Салтанатты ресімделген залдын сахнасына мектеп бітірушілері шықты. Салтанатты мерекені құттықтау сөздерімен тәрбие жұмыстары бойынша мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі М.Н.Григоренко ашты. Салтанатты жағдайда №10 ЖБМ директоры Р.С.Аршкеновқа және мектеп оқытушыларына мектептің оқу-тәрбиелік процесіне қосқан үлестері үшін мақтау қағаздары тапсырылды. Одан кейін мектеп директоры Р.С.Аршкеновқа сөз берілді. Мектеп түлектерін және оқытушыларды құттықтаған соң, 22 түлекке жалпы білім беру туралы аттестат ұсынды, ал мектептің оқу ісінің меңгерушісі Г.С.Узбаева мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін және жақсы оқығандары үшін мадақтамалар берді.
Одан кейін "Жүректен жүрекке" атты музыкалық-әдеби композиция көрермендердің назарына ұсынылды. Бұл жерде сынып жетекшілері және түлектер өте керемет әндер шырқап, өлеңдер оқыды, мектеп өмірінен бейне роликтер қойылды. Жалпы білім беру туралы аттестаттарды тапсыруға арналған мереке мазмұнды, әдемі, керемет өткізілді. Аталған мереке көңілді, мейірімді жағдайларды өтті.