
Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесінде тұңғыш рет «Республикалық медицина академиясы» ЖШС Қарағанды облысы филиалының базасында дәрігерге дейінгі медициналық көмек (BLS) жөнінде парамедиктерді оқыту жүргізіліп, оғкан тергеу изоляторы мен түзеу мекемелерінің қызметкерлері қатысты (КБКК,ТИБКК, жасақтар бастықтары мен т.б.).
Көрсетілген дағдылардың болуы жедел медициналық көмек бригадасы келгенше төтенше жағдайда адам өмірін сақтау және уақытылы көмек көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті шарттарының бірі болып табылады.
Оқығаны туралы белгіленген үлгіде сертификаттар берілді.Оқуды тәжірибелі нұсқаушылар жүргізеді.
BLS жұмысы тізбегіндегі алғашқы үш элементті іске асыру үшін іс жүзінде Basic Life Support (BLS) өмірді базалық қолдау хаттамасы зардап шеккенге алғашқы көмек көрсетуде нақты іс-әрекеттердің сабақтастығын айқындап береді. Бұл сабақтастық BLS алгоритмі деп аталады және Қарағанды облысының түзеу мекемелерінің парамедиктері оқытылған келесідей іс-әрекеттерді білдіреді.
• Ой сананы тексеру — өмірдің бастапқы белгісі – ол сананың болуы. Сананың болуы – сізге жағдайдың ауырлық деңгейін анықтауға және одан әрі әрекет етуіңізге жағдай туғызады.
• Тыныс алу жолдарын тексеру және қалпына келтіру – есті жоғалтудың жиі көрініс беретін себептерінің бірі – бұл тыныс алу жолдарына тілдің тартылуы немесе ауыз қуысының бұғатталуы бойынша белгілі әдістер арқылы тосқауыл қою болып табылады. Сол себепті BLS алгоритміне кіретін келесі элемент – тыныс алу жолдарын тексеру және қалпына келтіру.
• Төтенше қызметтерді шақыру – егер сіз зардап шеккен адам тыныс алмай жатса – оған жедел көмек жансақтау бригадасын шақырту керек. Сонымен бірге, диспетчермен қатынас жасауда уақыт жоғалтпаған абзал. Мұндай жағдайда сіздің жағдайды қаншалықты бағамдауыңыз бен зардап шеккен адам туралы ақпараттар бере білуіңіз оның өмір сақтап қала алады.
• Өкпелік-жүрек реанимациясы 30:2 – жансақтау бригаадсы келгенше сіздің міндетіңіз – зардап шеккен адамның миы мен жүрегіне оттегі жіберу арқылы өкпелік-жүрек реанимациясын орындайсыз, онда сіз жүрекке жанама массаж жасап, өкпесіне қолмен желдету жүргізесіз. Сапалы жасалған СЛР зардап шеккен адамның миын гипоксиннен сақтап қалады және медицина қызметкері келгенше клиникалық қайтыс болу жағдайын ұзартады, ал қажетті жабдықтарымен келген медқызметкерлер зардап шеккен адамның өмірін қалайда аман сақтап қалады.