
Жедел ақпаратты тексеру барысында Астана ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері елорда тұрғынынан сотталған адамға арналған сәлемдемені тексеру кезінде салмағы шамамен 6 гр болатын есірткі, атап айтқанда героин беру әрекетінің жолын кесті.
Табылған препараттар мақта жастықшаларын героині бар сұйықтықпен сіңдіру арқылы күрделі түрде "камуфляждалған".
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
– № 2 мекеменің жедел бөлімі мен елордалық Департамент қызметкерлерінің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында мекемеге есірткі жеткізудің арнасы тоқтатылды. Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда, - деп түсіндірді Астана ҚАЖД бастығы Дәулет Рахымбеков.