Е. Тұрғымбаев карантинге жабылған қалаларға кімдердің кіріп-шыға алатындығы туралы айтты

Е. Тұрғымбаев карантинге жабылған қалаларға кімдердің кіріп-шыға алатындығы туралы айтты

ҚР Ішкі істер министрінің мәлімдемесі:

Карантин аумағына кіре алатындар мыналар:

  • Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан ертеректе шығып кеткен қала тұрғындары, егер осы жылдың 22-ші наурызы сағ. 00.00-ге дейін қайта оралса;
  • Шетелге ем алу үшін барған Қазақстан азаматтары;
  • Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан ертеректе шығып кетіп, шетелден қайтып келе жатқан қала тұрғындары;
  • Әуе және теміржол арқылы транзитпен кірген Қазақстан азаматтары;
  • Пойыз бен ұшақтың экипаждары, халықаралық бағыттағы жүк көліктерінің жүргізушілері;
  • Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы жанындағы ауылдарда тұрып, қалада тіршілікке маңызды мекемелерде жұмыс істейтіндер кіріп-шыға алады.
  • Карантин аумағынан шыға алатындар:
  • Алматы және Нұр-Сұлтан қаласына, басқа қаладан ертеректе келген тұрғындар, осы жылдың 22-ші наурызы сағ. 00.00-ге дейін қайта шығуы тиіс;
  • Өз еліне оралатын және транзит арқылы еліне қайтып бара жатқан шетел азаматтары;
  • Дипломатиялық қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері;
  • Карантин кезінде азық-түлік, дәрі-дәрмек және жүк таситын көліктерге тыйым салынбайды.