Қатардағы қызметкерден полковникке дейін

Қатардағы қызметкерден полковникке дейін

Бүгін ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің салтанат залында медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, әділет полковнигі Шайдуллина Жанар Ибраевнаны, сондай-ақ бас маман-дәрігер, әділет майоры Алиманова Айнұр Әкімжанқызын еңбек демалысына шығарып салу іс-шарасы өтті.
ҚАЖК төрағасы, әділет генерал-майоры Жанат Болатұлы Ешмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, медициналық қамтамасыз ету бөлімі дәрігерлерінің көп жылдық, адал және үлгілі еңбектері үшін алғысын білдіріп, олардың денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ, Жанат Болатұлы қызметкерлердің 2020-2021 жылдардағы пандемиямен күрес кезеңінде кәсібилігін, ант беруге адалдығын және жоғары жауапкершілік пен батылдық танытқанын атап өтіп, бұдан әрі келе жатқан Жаңа 2023 жылмен жеке құрамды құттықтап, отбасыларына амандық, зор денсаулық және барлық ҚАЖ қызметкерлерінің мәртебелі және маңызды қызметтерін атап өтіп, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, ҚАЖ комитеті, Медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, әділет полковнигі Шайдуллина Жанар Ибраевна өзінің қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбек жолы туралы айтып, 2002 жылы қызметін қатардағы жауынгер атағынан бастап, ҚАЖ жеке құрамының жас буыны үшін елеулі үлгі ретінде 20 жыл бойы жауапкершілікпен және абыроймен қызмет етіп, ҚАЖК Медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және әділет полконивнигі арнайы шеңіне көпжылығы адал еңбегінің арқасында қол жеткізгенін атап өтті.
Жанар Ибраевна орталық аппараттың жоғары басшылық құрамына қызмет атқару кезеңінде ерекше сенім мен жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдіріп, ҚАЖК-нің барлық жеке құрамына бар жақсылық пен қызметтерінде жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектес болды.
Іс-шара соңында залда жиналған басқарушы жеке құрам естелікке ортақ суретке түсті.