
Естеріңізге сала кетейік, әріптестік аясында Отбасы банкімен меморандумға қол қойылған болатын. Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Біләлов сотталғандармен кездесулер өткізіп, онда депозит ашу мүмкіндігі туралы ақпаратты өзі жеткізді. Осылайша, өтініштер жазу және ресімдеу үшін қажетті телефон нөмірлерін тіркеуді ұйымдастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.
Енді сотталғандар бостандыққа щыққаннан кейін пәтер сатып алу үшін алғашқы жарнаны жинауға мүмкіндік алды. Мұндай бастамалар сотталғандарды жұмысқа орналасуға, түзету жолына түсуге және жазасын өтегеннен кейін қоғамға тезірек бейімделуге ынталандырады.