№14 ҚАЖ мекемесінде телефондарды жасырын өткізу әрекетінің жолы кесілді

№14 ҚАЖ мекемесінде телефондарды жасырын өткізу әрекетінің жолы кесілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекемесінің қызметкерлері өткізілген іс-шаралар барысында мекеме аумағына телефондарды әкелу фактісінің алдын алды.
Сонымен, қара сөмкені лақтыруға тырысқан ер азамат ұсталды. Пакетте скотчпен оралған жасырылған заттар табылды. Олардан мекеме қызметкерлері төрт ұялы телефон, екі зарядтағыш құрылғы және құлаққап тапты.
«Бұл факт бойынша Қонаев қаласы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.