
Елордалық ҚАЖД қызметкерлері Байқоңыр және Есіл аудандарының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, «Құқықтық тәртіп» шеңберінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды, одан атуға жарамды 16-шы калибрлі қос ұңғылы аңшылық мылтықтан қайта өңделген кесінді қару табылып, тәркіленді.
Бір күн бұрын елорданың 50 жастағы азаматынан 9 мм калибрлі газ тапаншасы болып табылатын қару табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы айытлған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.