
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД №49 мекемесінде сотталғандар арасында «Тимбилдинг» тренингі өткізілді.
Тренингті мекемедегі сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысының психологы жүргізді.
Сотталғандардың оң қарым-қатынастары мен өзара қолдау принциптерін қалыптастыру тақырыбында «Өтпелі жаттығулар», «Ақ қар», «Зұлым шарлар» және «Теңізге саяхат» релаксация сабақтары өткізілді.
Іс-шара сотталғандарға оңтайлы әсер етіп, іс-шара соңында олар өз ойларымен және пікірлерімен қуан бөлісті.