
«Панджшер» музыкалық тобы кезекті концерттік бағдарламасымен Алматы ожәне Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесіне барды.
Ауған соғысының интернационалистері құрған шығармашылық топтың «Намыс» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мекеме клубының сахнасында өнер көрсетуі бірінші рет болған жоқ.
Әншілердің қайталанбас дауысы мен патриоттық әндердің репертуары жазасын өтеп жатқан әйелдерді бей-жай қалдырмады.
Концерттік бағдарлама соңында көрермендердің өтініші бойынша әртістер өздерінің сүйікті әндерін орындады.
Қонақтар сотталған әйелдерге зор денсаулық және отбасыларымен ерте қауышуларына тілектес болды.