№ 64 ҚАЖ мекемесінде «Желтоқсандықтарды» еске алу күні өткізілді

№ 64 ҚАЖ мекемесінде «Желтоқсандықтарды» еске алу күні өткізілді

16 желтоқсан қазақ халқы үшін өте қасіретті күн болып табылады. Бұл 1986 жылғы қайғылы оқиғалар туралы естеліктер, сондай-ақ біздің ел үшін қайсарлықпен егемендік алғаннан бергі 31 жыл өз азаматтарына бейбітшілік пен келісім алып келді.
Бүгін Астана қаласы бойыншща ҚАЖД №64 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары үшін 1986 жылғы оқиғалар туралы бейнероликтер көрсетіле отырып, интерактивті дәріс өткізілді.
Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы Отанымыздың егемендігі армандаған және тәуелсіздік үшін күресте бар күшін салған. Біздің әкелеріміз 1986 жылғы қайғылы оқиғаларды әлі күнге дейін есінде сақтайды, сол кезде өз құқықтарын қорғау әрекеттері мемлекеттік аппараттың агрессиясымен аяқталды. Дегенмен, қайғылы күндер артта қалды! Біз өз егемендігімізді алдық, қазір тәуелсіз мемлекет мәртебесін мақтанышпен көтеріп жатырмыз, — деп бөлісті мекеме бастығы әділет подполковнигі А. Мухин.