
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің №8 мекемесіне облыстық өнер мұражайының қызметкерлері барып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім — Тірегім» музей қорынан көшпелі көрмені таныстырды.
Көшпелі көрмеде мекемеде жазасын өтеушілердің назарына ҚР Суретшілер Одағының қатысушылары И.В.Құрманалинаның «Көктем», М. Б. Қожағұловтың «Ауылым», В. А. Русановскийдің «Фантазия», А. А. Еспаевтың «Ауыл» және И. Н. Казакованың «Сағыныш» шығармалары ұсынылды.
Кескіндеме жанрында дайындалған 20-дан астам туындыда қылқалам шеберлері Отанды, бейбіт аспан мен қазақ халқының сүйіспеншілігін бейнелейтін шығармашылық туындыларды ұсынды.