Сотталғанның анасы ҚАЖ мекемесінің қызметкерлеріне алғысын білдірді

Сотталғанның анасы ҚАЖ мекемесінің қызметкерлеріне алғысын білдірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД № 68 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 22 жастағы сотталғанға шалғай ауданнан анасы, ағасы мен әпкесі келді.
Жас жігіт ҚР ҚК 181-бабы (Бөтеннің малды ұрлау) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі баланың әкесі. Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде ол мекеменің шаруашылық жасағында жұмыс істейді.
Менің ұлым әпкесі мен ағасын көргенде қатты қуанды. Олар екі жыл бойы бір-бірін көрмеді. Бұған дейін әйелі екі баласымен келген. Бұл жолы екі ағайынды бірігіп, бала кезінен қызықты әңгімелерін естеріне түсіріп айтты. Ол інісіне қамқорлық жасай алмайтынына өкінішіе білдірді. «Жақсы оқы, бостандыққа шыққаннан кейін мен сенің оқуыңның ақысын өзім төлеймін», — деді ол інісіне. Осы жылдар ішінде ол тым ақыл тоқтатып, оның өмірге деген көзқарасы өзгерді. Жасаған қателігі ол үшін үлкен сабақ болды. Кездесу бөлмесі жылы және жайлы. Ұлының жағымды жағдайын өз көзімен көріп, анасының көңіледе жеңілдеп қалды.
Мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің адами, мұқият қарым-қатынасын байқадым. Сол үшін мекеменің бастығы әділет майоры Қайырбек Ілиясов пен сержант Балғазы Қасымбековке шын жүректен алғысымды білдіремін, - деп сотталғанның анасы ризашылығымен бөлісті.