ҚАЖ қызметкерлері Талдықорғанда Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

ҚАЖ қызметкерлері Талдықорғанда Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД № 71 мекемесінің Кадр саясаты тобының қызметкерлері Жетісу университетінің «Жас Маман — 2023» Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара білім алушыларды жұмысқа орналастыру және олардың еңбек нарығындағы қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, банк мекемелері, кәсіпорындар, орта және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты. Барлығы университеттің 6 жоғары мектебінде оқуды аяқтаған 988 білім алушы қамтылды.
Кездесуде болашақ жас мамандар түрлі сала өкілдерінен маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар, болашақ мамандар өздерінің түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасудың ерекшеліктері мен негізгі принциптері туралы қажетті ақпарат алды.
Бұл іс-шара түлектерге қолайлы жұмыс орындарын табуға оңтайлы ықпал етіп, университеттің ынтымақтастығын нығайтады, деп бөлісті ҚАЖ қызметкерлері.