
Ағымдағы жылы 6-8 желтоқсан аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Есіл ауданының пробация қызметі пробациялық бақылауда тұрған «К» есімді сотталған көп балалы отбасының балаларына арналған «Discovery Coffee» кофеханасында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Отбасында төрт бала бар, үшінші қызы - 3 топтағы мүгедек бала. Есепте тұрғандардың арасынан ерікті азамат кішкентай қонақтарға арналған балалар мерекелік дастарханын ұйымдастырды. Іс-шара 3-ші және 4-ші желтоқсанда дүниеге келген екі қыздың туылған күніне орай ұйымдастырылды.
Мереке қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда пробация қызметімен ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан «С» есімді сотталған еріктінің арқасында сәтті өтті.