
СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет генерал-майоры Берік Біләлов алғаш рет №48 мекеме қызметкерлерімен және жеке сотталғандармен кездесу өткізіп, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың материалдық базаны арттыру және сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту қажеттілігі туралы талаптар мен тапсырмаларын жеткізді.
Кездесу барысында Берік Сұлтанғазыұлы сотталғандарға қашықтықтан оқыту арқылы жоғары білім алу мүмкіндігі, тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны жинақтау шеңберінде банкте депозит ашу, жұмыс орындарын ұлғайту туралы ақпаратпен бөлісті. Кейін 15 сотталған жазасын өтеушімен жеке қабылдау жүргізіліп, олармен жұмысқа орналасу, медициналық қамтамасыз ету және басқа ҚАЖ мекемесіне ауыстыру туралы мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ штабтық үй-жайдың акт залында мекеменің жеке құрамымен кеңес өткізіліп, қызметкерлердің жұмысының негізгі көрсеткіштері қаралып, белгіленген мерзімде жоюды талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер оқылды.
Мекемені қарау барысында аумақты, тұрғын және өнеркәсіптік аймақтарды толық аралап, тексеру жүргізілді.
Сапар соңында Берік Біләлов айтылған ескертулерді жоюды тапсырып, сондай-ақ сотталғандармен де, жеке құраммен де жеке кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.