
2022 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын.
«Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шиелі аудандық пробация қызметі, 3 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы Шиелі аудандық сотына ұсыныс жолдаған . Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар.
Қазіргі уақытта бір сотталғанның іс –құжаттары сотпен қаралып, негізгі жазасы төрттен үшке қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Ал қалған екі сотталғанның ұсынысы сот өндірісінде. Осыған дейін пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты түсініктемелер берілді»-, деп бөлісті аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев.