Сотталған әкесіне балалары хат жазды

Сотталған әкесіне балалары хат жазды

ҚАЖ мекемесіндегі еңбекпен тәрбиелеу - сотталғандарға жасаған қателігін түсінуге, түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін ортаға барынша тез бейімделуге әсері маңызды.
Мәселен, Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан А. есімді сотталған темір тордың арғы жағына түсседе мойымай жұмыс істеп, отбасына және балаларына көмек көрсетуде.
«Мен өзім анам жаза басып темір тордың ар жағында дүниеге келенмін. Тағдырдың жазғаны болар, ана тағдырын қайталау менің маңдайыма жазылған екен. Мұнымен өмір тоқтап қалмайды, тірі адам тіршілігін жасайды. Бүгінде мен мекемеде РММ «Еңбек-Семейде» жылу жүйесін жөндеуші болып еңбек етемін. Адал еңбегіммен тапқан ақшаны отбасыма жіберуге барынша тырысып отырамын.
Қыс мезгілінің келуіне байланысты балаларыма қыстық киім алуға қаражат жіберген болатынмын. Жақында балаларымнан жіберілген ақшаға қыстық киімдер алғаны жайлы жазылған хат алып, төбем көкке жетердей қуанып қалдым. Бұл хат бостандыққа шығып, отбасыма тезірек оралуыма үлкен шабыт сыйлап сенім берді. Балаларым менің өмірімді қайталамаса екен деген арманым бар» деп бөлісті сотталған көзіне жас алып, алдағы жоспарларымен бөлісті.