ҚарМТУ аға оқытушысы АК-159/17 мекемесіне барды

ҚарМТУ аға оқытушысы АК-159/17 мекемесіне барды

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ТК кафедрасының аға оқытушысы Н. З. Ушанов АК-159/17 мекемесіне барып, сотталғандармен «Шыңғысхан - мыңжылдық адамы» тақырыбында таныстыру дәрісін өткізді. Кездесу  мекеме клубында өткізілді. Әңгіме барысында сотталғандарға Шыңғысханның әлемдік тарихтағы рөлі, оның ұрпақтарының Қазақстан аумағында ұлы империя Алтын Орданы басқарғаны туралы  түсіндірілді.

          Сотталғандарға «татарлар», «болгарлар», «өзбектер», «Ноғайлар» этнонимдері бойынша қойылған сұрақтарға білікті жауаптар берілді. Кездесу нәтижесі бойынша сотталғандар риза болып, кездесуден кейін достық қарым-қатынасты жалғастыруға үміт білдірді.