
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің психолог мамандары суретші Нұрбек Жәрдемовпен бірлесіп, сотталғандарға арнап шығармашылық шара өткізді.
«Психология апталығы» аясында сурет салудан шеберлік сағаты өткізіліп, Н.Жәрдемов салынған әрбір суреттің тарихына жеке-жеке тоқталды.
Ары қара кәсіби суретшінің жетекшілігімен сотталғандар ватман қағазына сурет салуға кірісті, олар алдарына берілген суретті айнытпай салуға тырысты. Сотталғандар дайын болған жұмыстарды мекеменің психологтарына табыс етті.
Мұндай шаралар психологиялық тұрғыдан жазасын өтеп жатқан азаматтарға пайдасын тигізеді, психоэмоционалдық тұрақтылығына ыпал етеді дейді мекеменің психолог мамандары.