Ақмола облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері сотталғанның өмірін сақтап қалды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері сотталғанның өмірін сақтап қалды

Михаил бірнеше ай бойы аудандық пробация қызметінің пробациялық бақылауында болды. Бірнеше рет сотталған ақмолалық тұрғын үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұрлық жасағаны үшін алды. Ол досына үйін жылытуға көмектесіп жүріп, көзі бір затқа түседі.
Пробация есебіне алынғандармен кесте бойынша қызметкерлер профилактикалық жұмыс жүргізеді, сонымен бірге сотталғандар ай сайын тіркеуден өтеді. Сол күндердің бірінде Ақмола аудандық пробация бөліміне Михаил келуге тиіс еді. Жұмысы ауыртпалықсыз, ол әдетте түскі асқа дейін келдетін, қызметкерлеріміз оны күні бойы күткенімен, бірақ есептегі азамат келмеді. «Алдымен таңертеңге дейін қалдырғымыз келді, егер олай болмаса, оны аудан бойынша іздеуге барғымыз келді,- дейді аудандық пробация бөлімінің бастығы Бағлан Күзембаев.
Әріптестерімізбен оның тұрғылықты жеріне бардық. Михаил үйдің жанында тыныш жатты. Тірі, бейсаналық күйде екенін тексергеннен кейін біз «Жедел жәрдем» шақырдық. Медицина қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. «Авиценна-Бурабай» ЖШС дәрігерімен әңгімелесу барысында Михаил комада жатқаны белгілі болды, егер ол біраз уақыт көмегінсіз қалса, оны құтқару мүмкін болмас еді».
Екі аптадан кейін Михаил ауруханадан шықты. Мән-жайды анықтау барысында сотталған шиферді жөндеп жатқан кезінде басын төмен қаратып, үйдің төбесінен құлап, асфальтқа соғылғанын түсіндірді. Өз қалпына «Авиценна-Бурабай» ЖШС емханасында келді, дәрігерлердің айтуынша, ол үш тәулікке жуық комада болған.