СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізді

СҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізді

2022 жылғы 09 қараша мен 11 қараша аралығында СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Айыртау ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты профилактикалық іс-шара өткізілді.
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шарасын өткізу кезеңінде жазаны өтеу шарттары мен тәртіп бұзудың алдын-алу бойынша, профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізе отырып, жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім сотталғандар қатарынан адамдарды анықтау және тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында адамдар көп жиналатын орындар толыққанды тексерулермен қамтылды.
Есепке алынатын адамдар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде сынақ мерзімін ұзарту немесе жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселе шешіледі.
Тұрғылықты жері бойынша орында болу кестесін бұзатын бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамдарға ҚАЖ мекемелеріне жіберілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары да қолданылды.