
Ақтауда облыстық сәбилер үйінің аумағын жинау бойынша сенбілік өтті. Оны Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар өткізді. Жасақ бастығы Ербол Сәрсенбаевтың басшылығымен сотталғандар сәбилер үйінің аумағынан құрғақ жапырақтарды, бұтақтарды, шөптерді жинап, орталық кіреберістегі жолдарды тазалады.
– ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыстан бос уақытында ерікті қызметпен айналысуға мүмкіндігі бар. Олар қоғамға көмек көрсетуге және пайдалы болуға әрқашан да дайын, ұсынылған тәрбие іс-шараларынан ешқашан бас тартпайды, – деп бөлісті Е.Сәрсенбаев.
№43 мекеме басшылығына аумақты тазалауға көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ауламызды тазартуға көмектескен жігіттерге рақмет, – дейді орталық директоры Сару Ермұханова.