Елордалық ҚАЖ мекемесінде дін ұстанатын сотталғандармен теологиялық жұмыстар жүргізілді

Елордалық ҚАЖ мекемесінде дін ұстанатын сотталғандармен теологиялық жұмыстар жүргізілді

Қазіргі уақытта мекемеде 500-ден астамсотталған жазасын өтецде, олардың ішінде 115 сотталған намаз оқиды.
Сотталғандардың осы санатымен тұрақты негізде теология бойынша профилактикалық жұмыстар мен сабақтар жүргізіледі. Сотталғандармен жұмыс істеу үшін «Ақниет» үкіметтік емес ұйымының, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Дінді зерттеу орталығының» теолог-мамандары тартылады, олар жұмысты негізінен ауызша түрде, бейнематериалдарды көрсетумен қатар жүргізеді.
Әңгіме барысында Діни экстремизмнің пайда болу себептері мен қауіптері, оның алдын алу тәсілдері, сотталғандарға оңтайлы психологиялық әсер ету нысандары мен әдістері және Құранды дұрыс түсіндіру, сондай-ақ ислам мәдениетінің қалыптасу тарихы туралы тақырыптар талқыланады.
«Осы снататағы сотталғандармен жұмыс істеуде олардың ойлары мен сезімдерін сенімнің дәстүрлі ағымына бағыттау үшін ақпараттық-түсіндіру әңгімелерін жүргізу өте маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Сотталғандар арасында теологиялық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі топтың инспекторы, әділет аға лейтенанты Әлихан Ахмет.