
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесінің акт залында №12, 49, 57 мекемелердің кадр саясаты бөлімшесінің инспектор-психологтары «Төтенше жағдай кезінде қызметкерлерді психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізді.
Кездесуге Талдықорған қаласының №71 мекемесінің қызметкерлері, қаңтар оқиғаларында жарақат алған Мәулен Мырзабеков пен Дидар Байбосынов, Алматы қаласындағы ҚР орталық мұражайы директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева және әскери қызметші Ұлан Мырзабайдың әжесі Шынар Бестаева, әлеуметтік желілерде таратылған қаңтар тәртіпсіздіктері кезінде «Бұйрықтың аты — бұйрық» сөздерінің авторының әжесі қатысты. Олар өз әңгімелерімен және ойларымен бөлісіп, сондай-ақ Заречный кентінің ҚАЖ қызметкерлерімен пікір алмасты.
Кездесу қаңтар айындағы оқиғаларда қаза тапқандардың құрметіне бір минут үнсіздікпен басталды.
Кездесу барысында қонақтар төтенше жағдай туындаған кезде ұжымның бірігуінің маңыздылығы және патриоттық рухтың құндылығы туралы айтып берді.
Кездесудің басты мақсаты-қызметкерлер арасында ұлттық тәрбиені насихаттау және патриоттық сезімдерді ояту және төтенше жағдайда қызметкерлердің психологиялық ерік-жігерін нығайту арқылы тәрбиелік құндылықты ашу.
Қонақтарға №57 мекеме басшылығы мен ҚАЖ ардагері Қанат Дүтбаев алғыс білдірді.
Іс-шара №12 мекеме аумағында орналасқан қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрметіне ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.