
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде «Мекемелер мен тергеу изоляторы арасында үздік психологиялық газет» атты байқау-конкурсы өткізілді.
Облыстық байқау қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының практикалық психологтары мен психологиясының оқытушылары, білім беру жүйесінің, Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысуымен қалалық мәдениет және демалыс саябағының жағасындағы ашық ауада өткізілді.
Байқауға БҚО бойынша ҚАЖД-нің үш мекемесінен 4 психологиялық газет жеңімпаз қатысты. Мекеменің психологиялық газеті жасақ бастығының басшылығымен және осы жасаққа жетекшілік ететін мекеме психологының ұсынысымен сотталғандардың күшімен құрылған.
Психологиялық газет қабырға ватманынан тұрды, онда газет, журнал, ғылыми-танымал және психолологиялық тұрғыдан қызығушылық танытатын өзге де ақпарат орналастырылған. Газетке міндетті «Өз-өзіне психолог», «Танымал ақпарат», «Пайдалы ақпарат», «Психологиялық әзіл» атты айдарлар кірді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлделі орындарға ие болған қатысушыларды жария етті.
Бірінші орынды РУ-170/2 мекемесі иеленді, балл сомасы -25.
Екінші орынды РУ-170/3 мекемесі иеленді, балл сомасы-24.
Үшінші орынды РУ-170/1 мекемесі иеленді, балл сомасы – 23.
Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының грамоталарымен марапатталды.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға, қазылар алқасы мүшелеріне, сондай-ақ көрермендерге белсенді қатысқандары үшін және зор жағымды эмоциялары үшін алғыс айтып, оларға жеңіл емес қызметте табыс тіледі.