Елордалық ҚАЖ мекемесінде шығармашылық іс шара өткізілді

Елордалық ҚАЖ мекемесінде шығармашылық іс шара өткізілді

Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 3 мекемесінде сотталғандар арасында «Әлем қандай әдемі», «Менің болашағым», «Менің бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірім», «Менің отбасым», «Менің мақсаттарым» тақырыптарында суреттер, өлеңдер, шығармалар байқауы өткізілді.
Байқауға тоғыз жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың жұмыстарында сотталғандардың шығармашылық тәсілдерін бағалады, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған сотталғандар грамоталармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.
«Шығармашылық іс - шара арнайы контингент арасында жақындарына құрметпен қарауды қалыптастыру, отбасылық байланыстарды нығайту, қоршаған әлемге қызығушылықты ояту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді»,-деп бөлісті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры С.Әбілмажинов.