
Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында жұмыс іздеген азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Барлық адамдарға өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын пайдалану, зерттеу және бірден бірнеше жұмыс берушілермен тікелей сөйлесу мүмкіндігі берілді.
Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты - халыққа, әсіресе жастар мен оқу орындарының түлектеріне жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, жұмыс берушінің қолайлы кандидаттарды жалдау процесін жеңілдетуі және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталғандар қатысатынын атап өткен жөн.
Бұл іс-шараға Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарда белсенді қатысты.