
Жедел іс-шараларды өткізу барысында ҚАЖД қызметкерлері №3 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, мекемеге есірткі әкелу әрекетінің алдын алды. Мекемеге тапсырыс беруші ретінде мекеменің өнеркәсіптік аймағында орналасқан «Жол бұйымдары зауыты» ЖШС-не келген азамат Т. - ны тексеру кезінде аяқ киімнен өсімдік тектес сұр-жасыл заттың құрамы бар, ерекше иісі бар полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл заттың салмағы 8,58 грамм болатын «Гашиш» есірткі заты екені анықталды.
Осы факт бойынша «Заң бұзушыға» қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, осы қылмыс үшін оған жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынумен ескертіледі.
«Мекемелер аумағына есірткі заттарының өтуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жандандырылып, жалғастырылатын болады. Ағымдағы жылдың басынан бастап біз бұл мекеме ішіндегі басқа да төтенше оқиғаларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескеріп, жедел хабардарлықтың арқасында 290 грамнан астам есірткі тасымалдаудың алдын алдық», - деп атап өтті Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Дәулет Рахымбеков.