
Моральдік-психологиялық климатты қалыптастыру және ұстап тұру, сотталғандарда денсаулық сақтау өмірін жетілдіру мақсатында, түзелу жолында мақсатқа жетуге жетелейтін ҚР ІІМ ҚАЖК РММ «АК-159/17 мекемесі» жыл сайын Жазғы спартакиаданы өткізу жақсы дәстүр болып қалыптасты.
Мекемеде 2019 жылғы Жазғы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакианын басты ұраны – «Спортпен дос болу – дені сау болу» болды.
Іс-шараның салтанатты бөлігін Қарағанды облысы бойынша пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі заңдылыққа мамандандырылған прокуратура прокуроры Мусин Абылай Қайратұлы және мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Болат Жамбылұлы Мұхтаров ашып, спартакиадаға қатысушыларға сәттілік және жарқын жеңіс тіледі.
2019 жылғы жазғы спартакиаданың барлық қатысушылары мен жанкүйерлері осы іс-шарадан көтеріңкі көніл-күй және үлкен әсер алды.