БҚО бойынша ҚАЖД пробация бөлімінің қызметкерлері «Учаске» профилактикалық іс-шарасын өткізді

БҚО бойынша ҚАЖД пробация бөлімінің қызметкерлері «Учаске» профилактикалық іс-шарасын өткізді

Жергілікті Пробация қызметімен, прокуратура және әкімдік қызметкердерімен сондай-ақ Орал қаласвының Полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, жергілікті пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында қайталама қылмыстардың алдын алу жөніндегі бірлескен жоспарын жүзеге асыру мақсатында сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша қала прокурорымен және қалалық жұмыспен қамту бөлімінің өкілімен бірлескен тексеру жүргізілді.
Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде сотталғандарға жұмыспен қамту бөлімі арқылы квота бойынша жұмысқа орналасу тәртібі және заңда көзделген көмектің өзге де түрлерін алу түсіндірілді, сондай-ақ оларға сот жүктеген міндеттерді бұзған, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізілді және қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.
Тексеру нәтижесі бойынша сағат 22.00-ден кейін есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде олардың барлығы тұрғылықты жерінде болғаны анықталы.